Израильдегі Назарбаев тоғайында жаңа ағаштар отырғызылды

Израиль орталығында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғайда жаңа ағаштар отырғызылды. Саябақ 2000 жылдың сәуірінде Елбасының ресми сапары кезінде ашылған. Ол – Президенттің екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесінің белгісі. 2,5 мың гектар жерге мыңға жуық ағаш егілген. Биыл Израильде орман өрттері көп болғандықтан, Еврей ұлттық қоры Қазақстан елшілігімен бірге осындай шара ұйымдастырып, сенбілік өткізді. … Читать далее Израильдегі Назарбаев тоғайында жаңа ағаштар отырғызылды